Nokia C1 01 - Ортақ жад

background image

Ортақ жад
Құрылғының келесі құызметтері жадыны бөлуі мүмкін: мультмедиалық хабар алмасу (MMS). Осы мүмкіндіктердің

бірнешеуін пайдалану қалған мүмкіндерге қатынаулы жадтың көлемін азайтуы мүмкін. Егер құрылғы жадтың толы

екенін білдіретін хабарды көрсетсе, ортақ жадқа сақталған ақпараттың біразын жойыңыз.

Құрылғы бағдарламалық жасақтама жаңартулары туралы
Құрылғының бағдарламалық жасақтамасының жаңартулары арқылы құрылғыңызға жаңа мүмкіндіктер мен

жетілдірілген функциялар ала аласыз. Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту, сондай-ақ, құрылғыңыздың жұмысын

жақсартады.

Құрылғының бағдарламалық жасақтамасын жаңартпас бұрын жеке деректеріңіздің сақтық көшірмесін жасауға кеңес

беріледі.

Ескерту

Егер жаңаланған бағдарламаны орнатып жатсаңыз, онда құрылғыны қолдана алмайсыз. Орнату аяқталғанша және

құрылғы қайта жұмыс істемейінше тіпті шұғыл қоңырау да шала алмайсыз. Жаңаланған құрылымды қабылдаудан

бұрын мәліметті қайта орнына әкелетініңізге сенімді болыңыз.

Жаңартқан соң, пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқаулар соңғы өзгерістерге сай болмайды.

Көмекші құралдар

Ескерту

Тек Nokia компаниясы нақ осы құрылғымен пайдалануға рұқсат еткен батареяларды, зарядтағыштарды және көмекші

құралдарды ғана пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану кез келген рұқсаттар мен кепілдіктердің күшін жоюы және

қауіпті болуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда рұқсат етілмеген зарядтағыштарды немесе батареяны пайдалану өрттің,

жарылыстың немесе батареяның ағып кетуіне алып келуі немесе басқа қауіп төндіруі мүмкін.

Рұқсат етілген қосымша аспаптарға бар-жоқтығын білу үшін дилеріңізбен хабарласуды сұраймыз. Кез келген қосымша

аспаптың қуат сымын ажыратқаныңызда, сымнан емес, ашаның өзін ұстап, тартыңыз.

Батарея

Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Құрылғыңыз зарядталатын батареядан қуат алады. BL-5CB осы құрылғымен пайдаланатын батарея. Nokia бұл

құрылғы үшін қосымша батарея түрлерін шығаруы мүмкін. Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде

пайдалануға арналған: AC-3 . Нақты зарядтағыш моделінің нөмірі ашаның түріне қарай әр түрлі болады. Аша нұсқасы

төмендегілердің біреуімен анықталады: E, X, AR, U, A, C, K немесе B.

Батарея жүздеген мәрте зарядталып, зарядсыздандырылуына болады, дегенмен, нәтижесінде тозады. Сөйлесу және

күту режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз. Тек Nokia компаниясымен

рұқсат етілген батареяларды ғана пайдаланып, батареяңызды Nokia компаниясымен рұқсат етілген және осы