Nokia C1 01 - SIM картасы мен батареяны салу

background image

SIM картасы мен батареяны салу
SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе иілсе, олар оңай бүлінеді,

сондықтан, картаны ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.

Маңызды: Шағын UICC SIM картасын (Micro SIM картасы деп те аталады),

адаптерге салынған Micro SIM картасын немесе шағын UICC картасына арналған

ойығы (суретті қараңыз) бар SIM картасын бұл құрылғыда пайдалануға

болмайды. Micro SIM картасы стандартты SIM картасынан кішірек болады. Бұл

құрылғы Micro SIM карталарын қолдамайды. Қолдау көрсетілмейтін SIM

карталарын пайдалану картаны немесе құрылғыны және картадағы деректерді

зақымдауы мүмкін.

1 Саусағыңызды құрылғының астыңғы жағындағы ойыққа салып көтеріңізде

артқы қақпақты алыңыз (1).

Қолдау

5

background image

2 Егер батарея салынған болса, батареяны көтіріңіз(2).
3 SIM картасын салыңыз. Картаның тиетін бетінің төмен қарап тұрғанын

тексеріңіз (3, 4).

4 Батареяның контактісін және батарея бөлімін дұрыстап түзетіп, батареяны

салыңыз (5). Артқы қақпақты орнына салу үшін, құлыптайтын бекітпелерді

олардың саңылауына қарай бағыттаңыз (6) және қақпақ орнына түскенге

дейін басыңыз (7).

Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп,

зарядтағышты ажыратыңыз.