Nokia C1 01 - Қатынас кодтары

background image

Қатынас кодтары
Қауіпсіздік коды құрылғыны рұқсатсыз пайдаланудан сақтауға көмектеседі.

Алдымен орнатылған код 12345. Кодты жасау және өзгерту, және құрылғыны

кодты сұрайтын етіп орнату мүмкін. Кодты құпиялы түрде және құрылғыдан бөлек

қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытсаңыз және құрылғы кілттелген болса,

құрылғыға қызмет көрсету қажет. Қосымша тариф қолданылуы мүмкін және

құрылғыдағы барлық жеке деректер жойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу

үшін Nokia Care қызмет көрсету орталығына немесе құрылғыңыз сатушысына

хабарласыңыз.

SIM картамен бірге берілетін PIN код картаның рұқсатсыз пайдаланылуынан

қорғайды. SIM карталармен бірге берілетін PIN2 код белгілі бір қызметтерге кіруге

қажет болады. Егер PIN немесе PIN2 кодын үш рет қатар қате енгізсеңіз, сізден

PUK немесе PUK2 коды сұралады. Егер бұл кодтарыңыз болмаса, қызмет

провайдеріне хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу үшін

модульдік PIN коды қажет болады. Сандық қолтаңба үшін қолтаңба PIN коды

қажет болуы мүмкін. Тыйым салу кілтсөзі қоңырауларға тыйым салу қызметін

пайдаланғанда қажет етіледі.
Телефоныңыздың қатынас кодтарын және қауіпсіздік параметрлерін қалай

пайдаланатынын анықтау үшін

Мәзір

>

Параметрлер

>

Қаупсіздік

пәрменін

таңдаңыз.